Kingring.kz
MMAUFCЖаңалықтар

Двалишвили 2025 жылы тағы екі жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр

Жеңіл салмақтағы (61 кг дейін) UFC чемпиондық белбеуінің қазіргі иегері, грузин спортшысы Мераб Двалишвили биылғы жылы тағы екі жекпе-жек өткізуді көздеп отыр. Ол бұл жоспарын UFC 316 турнирінде америкалық Шон О’Мэллиді жеңсе ғана жүзеге асыратынын айтты.

«О’Мэллимен жекпе-жекте жеңіске жеткен соң, тек бір ай демаламын да, қайтадан жаттығу лагеріне ораламын. UFC-дің Гвадалахарада (Мексика) турнир өткізуді жоспарлап отырғанын естідім. Сол кардта өнер көрсеткім келеді. Сонымен қатар, қарашада Нью-Йоркте немесе желтоқсанда Лас-Вегаста жекпе-жекке шықсам деймін. Биыл тағы екі кездесу өткізуге мүмкіндік берсе, қуана келісемін», — деді Двалишвили BJ Penn порталына берген сұхбатында.

Ұқсас жазбалар

Шон Стрикленд Перейра мен Анкалаев арасындағы реваншқа пікір білдірді

admin_kingring

Арман Царукян PFL ұйымының спортшысы, Махачевтің командаласы Маккашарип Зайнуковты грэпплинг жекпе-жегінде жеңді

admin_kingring

Астанада пара дзюдодан әлем чемпионаты басталады

admin_kingring