Kingring.kz
MMAUFCЖаңалықтар

Джон Джонстың ММА-дағы мансабы туралы: «Мен үшін жеткілікті, аяқтадым»

Ауыр салмақтағы UFC чемпионы, 38 жастағы америкалық Джон Джонс ресейлік танымал промоутер Камил Гаджиевпен YouTube-тағы «Ушатайка» арнасында сөйлесіп, кәсіби ММА мансабын аяқтағанын айтты.

Гаджиев: 10 жыл өтті, сен әлі де белсендісің.
Джонс: Жоқ, мен аяқтадым – мен үшін жеткілікті.

Айта кету керек, бұл сөзді Джон Джонстың ресми түрде мансабын аяқтағаны туралы мәлімдеме деп санауға әлі ерте.

Джонстың соңғы жекпе-жегі 2024 жылдың қараша айында Нью-Йоркте өткен UFC 309 турнирінде болды. Онда ол ауыр салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы, отандасы Стипе Миочичпен жекпе-жекке шығып, үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бұл – Джон Джонстың ауыр салмақтағы алғашқы титул қорғауы болған.

Ұқсас жазбалар

UFC тарихындағы сенсация! Қазақстан мен Өзбекстан өкілдері алғаш рет октагонда жолығады

admin_kingring

Азия чемпионаты: 3 дзюдошымыз қола жүлдеге таласады

admin_kingring

Шавкаттан таяқ жеген Гэрри басты жекпе-жекте өнер көрсетеді

admin_kingring