Дзюдодан 2024 жылғы Олимпиададан кейінгі алғашқы әлем чемпионаты Будапештте (Венгрия) өтеді.2025 жылғы дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы жарияланды.
Ерлер құрамасы: 60 кг – Мағжан Шамшадин, Шерзод Давлатов 66 кг – Ғұсман Қырғызбаев 73 кг – Есет Қуанов 81 кг – Абылайхан Жұбаназар 90 кг – Мейірлан Максим 100 кг – Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров +100 кг – Ерасыл Қажыбаев
Әйелдер құрамасы: 48 кг – Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева 57 кг – Бақыт Құсақбаева 63 кг – Эсмигүл Куюлова
Еске сала кетейік, 2025 жылғы дзюдодан әлем чемпионаты 13-19 маусым аралығында өтеді. Сондай-ақ, турнир аясында командалық жарыстар да ұйымдастырылады.