Kingring.kz
UFCЖаңалықтар

Энтони Смит Миньян Чжаннан нокаутпен жеңіліп, мансабын аяқтағанын жариялады

Бүгін, 27 сәуір күні таңертең АҚШ-тың Канзас-Сити қаласындағы «T-Mobile Center» аренасында UFC on ESPN 66 турнирі өтті. Турнирдің негізгі кардында жартылай ауыр салмақтағы UFC чемпионы титулына бұрынғы үміткер Энтони Смит қытайлық Миньян Чжанға қарсы жекпе-жек өткізді.

Жекпе-жек бірінші раундта Чжанның техникалық нокаутымен аяқталды. Америкалық спортшының басында үлкен жарылыс (кесік) болды. Жекпе-жектен кейін берген сұхбатында Энтони Смит кәсіби мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.

36 жастағы Смит мансабында 60 жекпе-жек өткізіп, 38 жеңіске жеткен және 22 рет жеңілген. Ал Миньян Чжан UFC-ге үш жыл бұрын келген болатын және осы уақыт ішінде төрт жекпе-жектің бәрінде жеңіске жетті.

Ұқсас жазбалар

Кори Сэндхаген Мераб Двалишвилидің америкалық Шон О’Мэллимен өткен қарымта жекпе-жектегі жеңісін бағалап өтті

admin_kingring

Таиланд астанасында дзюдодан Азия чемпионаты басталды

admin_kingring

Шавкат нағыз жыртқыш

admin_kingring