Kingring.kz
UFCЖаңалықтар

Гурам Кутателадзе UFC ұйымынан кетті

2020 жылдан бері UFC-де өнер көрсетіп келген грузиялық файтер Гурам Кутателадзе енді әлемнің ең мықты лигасының мүшесі емес. Бұл туралы жағдайдан хабардар дереккөздер хабарлады. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек шебері соңғы төрт кездесудің үшеуінде жеңіліс тапқан. Соңғы рет ол 2024 жылдың наурызында Кауа Фернандеске қарсы октагонға шығып, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңілген еді. Кутателадзе UFC-де бес жыл болғанымен, аса белсенділігімен ерекшеленбеді. Бұл кезеңде ол небәрі бес жекпе-жек өткізіп, екі мәрте жеңіске жетті.

Ұқсас жазбалар

Аспиналлдың әкесі ұлының Джонспен жекпе-жегінің тоқтап қалуына наразы:

admin_kingring

Дзюдо: Бақыт Құсақбаева Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді

admin_kingring

Дрикус Дю Плесси жарақат алған жоқ

admin_kingring