Kingring.kz
MMAUFCЖаңалықтар

Хабиб Нурмагомедов Джон Джонсты UFC тарихындағы ең үздік файтер деп атады

UFC-дің бұрынғы чемпионы, қазіргі Даңқ залының мүшесі ресейлік Хабиб Нурмагомедов америкалық Джон Джонсты спорттық мансабын аяқтауымен құттықтады.

«Құттықтаймын, аңыз. Біз достар болмасақ та, сен UFC тарихындағы ең үздік спортшысысың. Сен бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамға шабыт бердің, енді бұл спортта өзіңді дәлелдеудің қажеті жоқ», — деп жазды Нурмагомедов әлеуметтік желілерде.

Джон Джонсқа 37 жас. Ол UFC-де 2008 жылы дебют жасап, кейін ауыр салмақтағы (120 кг дейін) және екі рет жартылай ауыр салмақтағы (93 кг дейін) чемпион атанды. Әлемдегі ең беделді ұйым — UFC-дегі оның статистикасы: 22 жеңіс және 1 ғана жеңіліс.

Ұқсас жазбалар

Дзюдодан Қазақстан құрамасы аралас командалық жарыста қола жүлде үшін күреседі

admin_kingring

Асу Алмабаев Манель Капеге қарсы жеңілісіне қатысты алғаш рет пікір білдірді

admin_kingring

Эксклюзив! — Кез-келген қарсыласты жеңеміз!

admin_kingring