UFC ұйымының жартылай орта салмақта (77 кг дейін) өнер көрсететін америкалық файтері Хоакин Бакли ресейлік Ислам Махачевпен болуы мүмкін жекпе-жек жайында пікір білдірді.
Parry Punch басылымына берген сұхбатында Бакли Махачевтің салмақ ауыстыруына байланысты өз ойымен бөлісті.
— Ислам жартылай орта салмаққа көтерілуде, енді бұл дивизиондағы барлық файтерлер онымен жекпе-жек өткізуді армандайды. Бұл ең дәмді мүмкіндік. Біз Исламмен бұрын кездескен емеспіз, бірақ біздің айқасымыз қарсаңында ол мен жайлы көп нәрсе біле бастайды. Мен оның ең жаман түсіне айналар едім, өйткені мен оның ең қатты қорқатын нәрселерін істей аламын. Делла Маддаленада Ислам пайдалана алатын әлсіз тұстар көп, деді америкалық спортшы.
Айта кетейік, Ислам Махачев қазіргі таңда UFC-дің pound-for-pound рейтингінде көш бастап тұр. Ал Хоакин Бакли жартылай орта салмақта өзінің қарқынды өнерімен көзге түсіп келеді.