UFC-дің жартылай орта салмақ (77 келіге дейін) рейтингінде жетінші орында тұрған ирландиялық Иан Гарри 13-орындағы бразилиялық Карлос Пратеспен жекпе-жекте жеңіске жеткен жағдайда өз болашағы туралы пікір білдірді.
— Мен жеңіске жетіп, шоу жасап, Карлос Пратесті мерзімінен бұрын тоқтатсам, басқа таңдау қалмайды, келесі үміткер мен боламын. Мен қысқа уақыттың ішінде жекпе-жекке келісіп, турнирлерді сақтап қаламын. Бұл менің кезегім келгенін білдіреді. Қарсы пікір айтатындарға не деймін? Мен төбелесті жақсы көремін. Белбеуді иеленген сәтте сендер менің жекпе-жектеріме келіп, тамашалайтын боласыңдар, деді Гарри баспасөз мәслихатында.
Гарри мен Пратестің жекпе-жегі 26 сәуірде АҚШ-тың Канзас-Сити қаласында өтетін UFC on ESPN 66 турнирінің басты оқиғасы болады.
Турнир 27 сәуір күні Астана уақытымен сағат 6:00-де басталады. Жекпе-жекті біздің телеграм арнамыздан тікелей эфирде көре аласыздар. (https://t.me/kingringkz)