Kingring.kz
БоксЖаңалықтар

IBF Дюбуаға келесі қарсыласын тағайындады — ол Усик емес

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы, британдық Даниэль Дюбуаға (22-2, 21 KO) міндетті қарсыласын тағайындады.

Ол британдық ардагер Дерек Чисора (36-13, 23 KO). Екі боксшының командасына келіссөз жүргізу үшін 30 күн, яғни 22 мамырға дейін уақыт берілді.

Дерек Чисора 41 жаста. Британдық спортшы кәсіби рингте алғаш рет 2007 жылы жұдырықтасқан. 2012 жылдың ақпанында алғаш рет әлем чемпионаты белбеуі үшін жекпе-жек өткізіп, украиналық Виталий Кличкодан төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңілген. Ал 2022 жылдың желтоқсанында тағы да әлем чемпионы атануға тырысқанымен, бұл жолы да сәтсіз аяқталып, отандасы Тайсон Фьюриден техникалық нокаутпен жеңіліп қалды.

Ұқсас жазбалар

UFC 319: Хамзат Чимаев пен Дрикус дю Плесси арасындағы титулдық жекпе-жек ресми түрде жарияланды

admin_kingring

Қазақстанның 17 жасқа дейінгі боксшылары Азия чемпионатында 10 алтын алды

admin_kingring

Бразилиялық Чарльз Оливейра Илияс Топуриямен болатын айқас жайлы ашық айтты:

admin_kingring