UFC ұйымындағы ирландиялық жартылай орта салмақ өкілі Иан Гарри бұрынғы чемпион Камару Усман мен Хоакин Бакли арасындағы жекпе-жекке қатысты өз пікірін білдірді.
«Менің ойымша, Бакли Усманды таптап өтеді. Бұл жай ғана жеңіс емес, бұл – толықтай жою болады», — деп келтіреді Гарридің сөзін BJ Penn басылымы.
Айта кетейік, Усман мен Бакли арасындағы жекпе-жек 14 маусым күні АҚШ-тың Атланта қаласында өтеді. Бұл кездесу UFC on ESPN 69 турнирінің басты оқиғасы болмақ.
Ал Иэн Гарри соңғы жекпе-жегін 26-27 сәуірге қараған түні АҚШ-тың Канзас қаласында өткізіп, бразилиялық Карлос Пратесті төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңіп шықты. Бұл кездесу UFC on ESPN 66 турнирінің негізгі айқасы болды.