Kingring.kz
MMAUFCЖаңалықтар

Илия Топурия бапкерлерімен қоштасты

Бұрынғы UFC жартылай жеңіл салмақ чемпионы Илия Топурия титулдық жекпе-жек алдында маңызды шешім қабылдады, ол өзінің көпжылдық жаттықтырушылары Агустин және Зорхе Клименто қызметінен бас тартты. Бұл өзгеріс спортшының Аликантеден Мадридке көшуімен байланысты.

Клименто бауырлары Топурияның бүкіл кәсіби мансабында оны жаттықтырып келген. Алайда БАҚ-та ешқандай жанжал немесе келіспеушілік жайлы ақпарат жоқ. Топурия бапкерлеріне алғысын білдіріп, олармен жақсы қарым-қатынаста қоштасқанын мәлімдеді.

Қалған команда мүшелері сол күйінде сақталғанымен, Клименто бауырларының орнына кім келетіндігі әзірге белгісіз.

Еске сала кетейік, Илия Топурия 28 маусым күні UFC 317 турнирінде жеңіл салмақтағы вакантты титул үшін бұрынғы чемпион Чарльз Оливейрамен жекпе-жек өткізеді.

Ұқсас жазбалар

Қызылордада грек-рим күресінен халықаралық турнир басталды

admin_kingring

Арман Царукян ықтимал қарсыластарының ішіндегі ең оңайын атады

admin_kingring

UFC аңызы Майкл Биспинг: «Илия Топурия үш салмақ дәрежесінде чемпион бола алады»

admin_kingring