Жартылай жеңіл салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы, 28 жастағы испаниялық-грузиялық Илия Топурия келесі қарсыласы болуға ең лайықты үміткер жеңіл салмақта UFC-дің уақытша чемпиондық белбеуінің иегері, америкалық Джастин Гэтжи деп есептейді.
«Нағыз титул үшін келесі болып жұдырықтасуға лайықты адам Джастин Гэтжи», деді Топурия, деп жазады журналист Альваро Кольменеро әлеуметтік желі X-тегі (бұрынғы Twitter) парақшасында.
Топурия мен Оливейра арасындағы жекпе-жек 29 маусым күні АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында өтетін UFC 317 турнирінде өтеді.