Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласындағы T-Mobile Arena аренасында өткен кештің басты жекпе-жегінде бразилиялық Чарльз Оливейраны жеңді. Жекпе-жек бірінші раундта-ақ аяқталды. Топурия қарсыласын қарсы қозғалыста дәл соққымен ұстап алып, оң қолымен басына қатты соққы жасап, нокаутқа түсірді. Төреші жекпе-жекті раундтың ортасында тоқтатты. Жеңіл салмақтағы чемпиондық белдік ресейлік Ислам Махачевтің жартылай орта салмаққа ауысуына байланысты босаған болатын. Енді бұл белдік 28 жастағы Топурияға өтті. Ол бұған дейін жартылай жеңіл салмақта (65,8 кг дейін) чемпион болған, бірақ ауырлау салмақта өнер көрсету үшін бұл титулдан бас тартқан еді. Ал UFC-дің 2021–2022 жылдар аралығындағы бұрынғы чемпионы, бразилиялық Чарльз Оливейра титулын қайтара алмады.