Kingring.kz
MMAUFCЖаңалықтар

Ислам Махачев жеңіл салмақтағы белбеуін босатып, жартылай орта салмаққа өтті

UFC жеңіл салмақтағы (70 келіге дейін) қазіргі чемпионы, ресейлік 33 жастағы Ислам Махачев чемпиондық белбеуден ресми түрде бас тартып, жартылай орта салмаққа (77 келіге дейін) ауысқаны туралы UFC президенті Дана Уайт әлеуметтік желідегі тікелей эфир барысында мәлімдеді.

Бұл шешім Махачевке жаңа салмақ дәрежесінде — жартылай ортада — чемпиондық атақ үшін күресуге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта ол осы дивизионның қазіргі чемпионы, австралиялық Джек Делла Маддаленаға қарсы титулдық жекпе-жек өткізеді. Бұл кездесу күні мен орны кейінірек жарияланатын болады.

Осылайша, жеңіл салмақтағы UFC чемпиондық белбеуі бос қалды. Енді бұл титул үшін 2025 жылдың 29 маусымында АҚШ-тың Невада штатындағы Парадайс қаласында өтетін UFC 317 турнирінің басты оқиғасында испаниялық Илия Топурия мен бразилиялық Чарльз Оливейра күш сынасады.

Еске салайық, Топурия бұған дейін жартылай жеңіл салмақта (66 кг) чемпион атанған еді және енді өзінің жаңа салмақ дәрежесінде тарих жазуға тырысады. Ал Оливейра — осы жеңіл салмақта бұрынғы чемпион, тәжірибесі мол файтер. Бұл жекпе-жек жаңа чемпионды анықтайтын шешуші шайқас болмақ.

Ұқсас жазбалар

Кайо Борралло Хамзат Чимаевпен ықтимал жекпе-жек туралы болжамымен бөліст

admin_kingring

Кори Сэндхаген Мераб Двалишвилидің америкалық Шон О’Мэллимен өткен қарымта жекпе-жектегі жеңісін бағалап өтті

admin_kingring

Арман Царукян ықтимал қарсыластарының ішіндегі ең оңайын атады

admin_kingring