Kingring.kz
MMAUFCЖаңалықтар

Йиржи Прохазка келесі жекпе-жегін қашан өткізуді жоспарлап жүргенін айтты

«Менің келесі жекпе-жегім тамызда немесе қазанда өтуі мүмкін. Қазір менеджерім Анкалаевпен жекпе-жекке қатысты келіссөздер жүргізіп жатыр. Егер Перейра Магомедпен реваншқа келіссе, мен басқа біреумен жұдырықтасамын, бірақ содан кейін Анкалаевке назар аударамын», — деп келтіреді Прохазканың сөзін Sportskeeda порталы.

Еске салайық, Йиржи соңғы жекпе-жегін 18 қаңтар күні АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лос-Анджелес қаласында өткен UFC 311 турнирінде өткізген болатын. Ол кездесуде жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы чемпион, америкалық Джамал Хиллмен октагонда жолығып, үшінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.

Прохазканың кәсіби мансабында 31 жеңіс бар, оның 30-ы мерзімінен бұрын аяқталған. Сонымен қатар оның бес жеңілісі және бір тең жекпе-жегі бар. Йиржи UFC ұйымындағы алғашқы жекпе-жегін 2020 жылдың 11 шілдесінде өткен UFC 251 турнирінде өткізді.

Ұқсас жазбалар

Мовсар Евлоев UFC титулы үшін жекпе-жек өткізбейді

admin_kingring

Пэдди Пимблетт: «Егер Топурия чемпион атанып, мені жекпе-жекке шақырса келесі үміткер мен боламын»

admin_kingring

UFC аңызы Майкл Биспинг: «Илия Топурия үш салмақ дәрежесінде чемпион бола алады»

admin_kingring