Kingring.kz
MMAUFCЖаңалықтар

Кай Асакура мен Тим Эллиотт UFC 319 турнирінде жекпе-жек өткізеді

UFC-дің ең жеңіл салмақтағы бұрынғы титул үміткері әрі Rizin ұйымының экс-чемпионы Кай Асакура америкалық файтер Тим Эллиоттпен жекпе-жек өткізеді. Бұл кездесу 16 тамыз күні АҚШ-тың Чикаго қаласында өтетін UFC 319 турнирі аясында өтпек. Бұл туралы MMA Fighting хабарлады.

Еске салсақ, Асакура соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, UFC-дің қазіргі чемпионы Александр Пантожадан екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіліп қалған еді.

Ал Тим Эллиотт болса, соңғы рет октагонға 2023 жылдың желтоқсанында шығып, қытайлық Су Мудаэрцзиді тұншықтыру әдісімен жеңіп, оған дейінгі Мұхаммад Мокаевтан алған мерзімінен бұрынғы жеңілісін қайтарды.

Ұқсас жазбалар

Геннадий Головкинге тағы бір жаңа атақ берілді

admin_kingring

Бекзат Алмахан UFC-де сенсация жасады

admin_kingring

Жәнібек Әлімханұлының жаңа қарсыласы белгілі болды

admin_kingring