Kingring.kz
Жаңалықтар

Канело Альварес пен Теренс Кроуфорд жекпе-жегі ресми түрде жарияланды

Канело 12 қыркүйекте Кроуфордқа қарсы The Ring, WBA, WBC, IBF және WBO белбеулерін қорғайды.  Бұл бокс тарихындағы ең ірі жекпе-жектердің бірі болады деп күтілуде.
WBA чемпионы әрі WBO уақытша белбеуінің иегері Теренс Кроуфорд Сауль «Канело» Альвареспен өтетін жекпе-жек туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz. Екі жұлдызды боксшының айқасы 12 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.

Канело Уильям Скуллды жеңгеннен кейін Кроуфорд рингке көтеріліп, өз сөзін айтты:«Бәрі бекер емес. Мен мұнда жайдан-жай тұрған жоқпын. Қыркүйекте нағыз ұлылықты көресіздер. Канело өз жұмысын істеді, бірақ ең мықты – менмін. Сол себепті жеңіс менікі болады. Бәрін өз көздеріңізбен көресіздер – 12 қыркүйекке дайын болыңыздар». Айта кетейік, 4 мамырда Альварес Скуллды төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіп, екінші орта салмақта абсолютті чемпион атағын қайта қайтарып алған болатын.

Ұқсас жазбалар

Шон Брэди Иэн Гэрри туралы:

admin_kingring

Аман Бақытжан Grand Slam Qazaqstan Barysy турнирінің қола жүлдегері атанды

admin_kingring

Ресейдегі халықаралық турнирде қазақ боксшыларының аяқ алысы қалай?

admin_kingring