Жартылай жеңіл салмақта (57,2 кг дейін) өтетін Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) Гран-при турнирінде өзбекстандық боксшы Аюбхон Бахтиёров (7-0, 5 КО) сәтті дебют жасады, деп хабарлайды kingring.kz порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен 1/16 финалдық жекпе-жекте Бахтиёров француз боксшысы Жамал Хаджабаны (8-1, 3 КО) алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Келесі кезеңде Аюбхон Бахтиёров қазақстандық Жолдас Жеңісовпен (9-0, 4 КО) қолғап түйістіреді. Жеңісов бұл додада Испаниялық Эль Язид Эззаиданиді (6-1, 4 КО) нокаутпен ұтқан болатын.