Kingring.kz
АнонсБоксЖаңалықтар

Қазақстандық боксшы Беларусь чемпионын бірінші раундта нокаутқа жіберді

Фото: prosports.kz

Қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Хабаровск қаласында өтіп жатқан Константин Коротковты еске алуға арналған беделді халықаралық турнирде сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды kingring.kz порталы Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жекте оның қарсыласы — Беларусь елінің чемпионы және жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Даниил Титько болды.

Жекпе-жектің алғашқы раундында орын алған екі нокдауннан кейін кездесу қазақстандық спортшының мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталды.

Ұқсас жазбалар

Есет Қуанов «Grand Slam» турнирінде қола жүлдеге ие болды

admin_kingring

Арман Царукян PFL ұйымының спортшысы, Махачевтің командаласы Маккашарип Зайнуковты грэпплинг жекпе-жегінде жеңді

admin_kingring

Жәнібек Әлімханұлының жаңа қарсыласы белгілі болды

admin_kingring