Kingring.kz
MMAUFCАнонсЖаңалықтар

Қазақстандық файтер Хабибтің командасына қарсы — UFC Баку турнирінде!

Azamat Sport мәліметінше, Қазақстандық Азат Максум 21 маусымда Бакуде өтетін UFC Fight Night турнирінде жекпе-жекке шығады. Ол бұрынғы Rizin және Bellator чемпионы, UFC титулына экс-үміткер Жапониялық Киоджи Хоригучиді ауыстырып, Ресейлік Тагир Уланбековке қарсы шығады.

Хоригучи UFC-де соңғы рет 2016 жылдың қарашасында өнер көрсеткен. 2015 жылы ол UFC чемпионы Деметриус Джонсонмен титул үшін жекпе-жекке шығып, қолды қайыру әдісінен жеңілген болатын.

Азат Максум UFC-де екі жекпе-жек өткізді – екеуі де төрешілер шешіміне дейін жетті. Дебютінде Тайсон Нэмді жеңсе, кейін Чарльз Джонсоннан ұтылып, мансабындағы алғашқы жеңілісін тіркеді (қазіргі рекорды – 17 жеңіс, 1 жеңіліс). Өткен жылы жазда аяғынан жарақат алған Азат осы уақытқа дейін ақпан айынан бері жекпе-жек күтіп жүрген.

Тагир Уланбеков – UFC рейтингінде жеңіл салмақта 10-орында тұр. Ол – Хабиб Нурмагомедовтің командасының өкілі. Айта кетерлігі, Тагир 2018 жылы Астанада өткен Fight Nights Global турнирінде қазақстандық Жалғас Жұмағұловпен чемпиондық жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен жеңілген. Сол кезде Хабибтің әкесі әрі жаттықтырушысы Абдулманап Нурмагомедов шешімге келіспей, апелляция түсіретінін мәлімдеген еді.

UFC тарихында тұңғыш рет өтетін Баку турнирі қазақ жанкүйерлеріне ерекше қызықты болмақ — Азат Максум үшін бұл үлкен мүмкіндік.

Ұқсас жазбалар

Чарльз Оливейра: «Ислам жартылай орта салмақта да шу шығарады. Ол Делла Маддаленаны жеңе алады»

admin_kingring

Канело Альварес пен Теренс Кроуфорд жекпе-жегі ресми түрде жарияланды

admin_kingring

Шерзод Давлатов Азия чемпионатының жартылай финалында

admin_kingring