Kingring.kz
MMAUFCЖаңалықтар

Кори Сэндхаген Дейвисон Фигейредуды жеңді

3-нен 4 мамырға қараған түні АҚШ-тың Айова штатындағы Де-Мойн қаласында аралас жекпе-жектен UFC on ESPN 67 турнирі өтті. Кештің басты жекпе-жегі жеңіл салмақта Кори Сэндхаген мен UFC-дің бұрынғы жеңіл салмақтағы чемпионы Дейвисон Фигейреду кездесті.

Кездесу екінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды. Раундтың аяқталуына бірнеше секунд қалғанда, Фигейреду октагонда жатқан күйі аяғынан жарақат алып, қорғануға қауқарсыз болды. Осы сәтті ұтымды пайдаланған Сэндхаген қарсыласының басына бірнеше соққы жасап, төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Бұл жеңістен кейін америкалық файтердің рекорды 18 жеңіс пен 5 жеңіліске жетті. Ал бразилиялық спортшының еншісінде — 24 жеңіс, 5 жеңіліс және бір тең нәтиже бар.

Кештің екінші маңызды жекпе-жегінде АҚШ өкілі Бо Никал алғаш рет кәсіби мансабында жеңіліске ұшырады. Ол Ренье де Риддерге техникалық нокаутпен жол берді.

Ұқсас жазбалар

Хоакин Бакли Камару Усманмен болатын жекпе-жекке болжам жасады

admin_kingring

Бекзат Алмахан UFC-де сенсация жасады

admin_kingring

Шерзод Давлатов Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

admin_kingring