Kingring.kz
MMAUFCАнонсЖаңалықтар

Матеуш Гамрот келесі жекпе-жегін 31 мамырда өткізеді

UFC-дің жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингісінде жетінші орында тұрған польшалық Матеуш Гамрот келесі жекпе-жегін словакиялық Людовит Клейнге қарсы өткізеді. Бұл кездесу 31 мамыр күні АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында өтетін UFC on ESPN 68 турнирі аясында өтеді. Бұл туралы лиганың баспасөз қызметі хабарлады.

Польшалық спортшы 34 жаста. Кәсіби аралас жекпе-жек шебері ретінде Гамрот 2012 жылы XFS — Night of Champions турнирінде дебют жасаған. Ал UFC ұйымына Матеуш 2020 жылы қосылды.

Гамроттың рекордында 24 жеңіс бар, оның 13-ін ол уақытынан бұрын аяқтаған. Сонымен қатар оның еншісінде үш жеңіліс және бір тең нәтиже тіркелген. Соңғы жекпе-жегінде Матеуш төрешілердің бөлек шешімімен Жаңа Зеландия өкілі Дэн Хукерге жол берген.

Ал Клейннің рекордында 23 жеңіс, төрт жеңіліс және бір тең есеп бар. Людовит UFC-де 2020 жылы дебют жасаған.

Ұқсас жазбалар

Дастин Порье мансабын аяқтауы жайында:

admin_kingring

Джон Джонстың ММА-дағы мансабы туралы: «Мен үшін жеткілікті, аяқтадым»

admin_kingring

Мовсар Евлоев Махачевпен жекпе-жек туралы пікір білдірді

admin_kingring