Польшалық танымал UFC жеңіл салмақты файтері Матеуш Гамрот британдық Пэдди Пимблеттке қарсы октагонда күш сынасуға ниетті екенін мәлімдеді.
«Маған Пимблетт ұнамайды. Ол тым көп сөйлейтін ағылшын жігіті. Мен онымен жекпе-жек өткізгім келеді, себебі ол топқа өте оңай жолмен көтерілді деп есептеймін. Ол тек әлсіз қарсыластармен жекпе-жекке шыққандықтан ғана жеңіске жетіп жүр», — деді Гамрот Sport Skeeda-ға берген сұхбатында.
Пэдди Пимблетт қазіргі уақытта тоғыз жекпе-жектен тұратын жеңісті сериясын жалғастырып келеді. Оның соңғы кездесуі 2025 жылдың сәуір айында Майкл Чендлерге қарсы өтіп, үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.