Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан дзюдодан құрлық чемпионатында Ұлттық құрама қоржынына қола жүлде түсті. Мейірлан Максим тәжік спортшысы Умеджон Ражабовтың қосымша уақытта (golden score) жауырынын жерге тигізіп, 90 кг дейінгі салмақта 3-орыннан көрінді.