UFC-дің бұрынғы орта салмақтағы чемпионы, нигериялық Исраэль Адесанья жартылай орта салмақтағы рейтингтің жетінші нөміріндегі америкалық Хоакин Бакли туралы пікір білдірді.
«Оның бірдеңесі мені шынымен ашуландырады. Ол жасаған ең керемет нәрсе — аяғымен соққы жасау. Бір сәтте мен шыдамай, ол сөйлеп жатқанда, жай ғана кетіп қалдым, ал бұл оған ұнамады. Содан бері ол маған қарсы шықты, бірақ ол жігіт құрысын. Мүмкін, мен оны шынымен жақтырмайтын шығармын», — деді Адесанья өзінің FREESTYLEBENDER атты YouTube арнасында.
Өткен жексенбіде Бакли UFC on ESPN 69 турнирінде Камару Усманмен жекпе-жек өткізіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіліп қалды.