Kingring.kz
MMAUFCЖаңалықтар

Мераб Двалишвили UFC-дегі қатарынан 13-жеңісіне қол жеткізді

НЬЮАРК (АҚШ, Нью-Джерси штаты) — UFC жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Мераб Двалишвили атақты Шон О’Мэллиді үшінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп, жеңіс сериясын 13-ке жеткізді. Бұл жетістікке бұған дейін UFC-дің аңызға айналған жұлдыздары Джон Джонс, Деметриус Джонсон, Хабиб Нурмагомедов және Макс Холлоуэй ғана жеткен.

Бұл екі спортшы арасындағы екінші кездесу болды. 2024 жылы өткен алғашқы жекпе-жекте де Двалишвили төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен еді. Сол жеңістен кейін Мераб 2025 жылдың қаңтар айында Умар Нурмагомедовті ұпай санымен жеңіп, чемпиондық белбеуін алғаш рет қорғаған болатын. Енді, О’Мэллиді тағы да жеңіп, чемпиондық атағын екінші мәрте сәтті қорғады.

Мераб Двалишвили қазіргі таңда UFC тарихындағы ең үздік жеңіс серияларының біріне ие болып отыр.

Ұқсас жазбалар

Ресейде өткен бокс турнирінде Қазақстан боксшылары өзбекстандықтарды ойсырата жеңді

admin_kingring

Чейл Соннен Ислам Махачевті сынға алд

admin_kingring

Шавкат Рахмоновтың октагонға қашан оралатыны белгілі болды

admin_kingring