28 жастағы жеңіл салмақтағы UFC чемпионы, жеңіліс көрмеген испания-грузиялық Илия Топурия 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін, 30 жастағы Ұлыбританиялық UFC жұлдызы Пэдди Пимблеттті нокаутқа жіберетініне күмән келтірмейді.
«Егер UFC мені [Пэдди Пимблеттпен жекпе-жекке] көндірсе, мен оған бұл мүмкіндікті беремін. Бәрі менің оны нокаутқа түсіретінімді біледі», — деп келтіреді Топурияның сөзін журналист Альваро Кольменеро әлеуметтік желі X-тегі (бұрынғы Twitter) парақшасында.
Еске сала кетейік, соңғы жекпе-жегінде UFC 317 турнирінде Ілия алғашқы раундта бразилиялық Чарльз Оливейраны нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті. Осылайша, Топурия UFC жеңіл салмағының абсолютті чемпионы атанды. Бұл жеңіс «Матадордың» ММА-дегі 17-ші, ал UFC-дегі 9-шы жеңісі болды.