Kingring.kz
UFCЖаңалықтар

Оливейраның менеджері: егер Махачев жартылай орта салмаққа өтсе, белбеуден айырылады

Жеңіл салмақтың (70 кг дейін) бұрынғы UFC чемпионы, бразилиялық Чарльз Оливейраның менеджері Диего Лима қазіргі чемпион, ресейлік Ислам Махачевтің салмақ дәрежесін ауыстырып, чемпиондық атағын сақтап қала алмайтынын айтты.

«Махачев жоғары салмақ дәрежесіне өтсе не болады? Ол белбеуден айырылады. Топурия секілді. UFC оған таңдау жасауды ұсынып жатқан болар. Егер ол 77 кг салмақта жұдырықтасатын болса, уақытша чемпиондық белбеу енгізуге тура келеді. Бүкіл дивизионды тоқтатып қоюға болмайды. Бұл – ақылға қонымсыз нәрсе.

Егер спортшы салмағын ауыстырса, не белбеуден бас тартуы керек, не уақытша белбеу енгізу қажет. Егер спортшы не істерін ойланып жүрсе, уақытша чемпиондықты енгізу керек. Дивизион тоқтап қалмай, алға жылжуы тиіс», – деді Лима MMA Fighting басылымына берген сұхбатында.

Ұқсас жазбалар

Дастин Порье Илия Топурия мен Чарльз Оливейра арасындағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді

admin_kingring

Маддалена Ислам Махачевке үн қатты:

admin_kingring

Генри Сехудо: Шавкат UFC белбеуін Қазақстанға алып келеді

admin_kingring