UFC ұйымының жеңіл салмақтағы 30 жастағы ағылшын файтері Пэдди Пимблетт UFC чемпиондық белбеуіне үміткер атануы мүмкін жағдайды түсіндірді.
UFC 317 турнирінде Илие Топурия мен Чарльз Оливейраның жекпе-жегінде боламын. Егер Топурия жеңіске жетсе, оның мені жекпе-жекке шақырғанын елестету қиын емес. Тіпті бұл маған тиімді болмақ — бәлкім, мен үшін үміткерлік жекпе-жек те қажет болмайды. Егер ол мені шақырса, титулды алғаш қорғауында маған қарсы шығуы әбден мүмкін. Өзі де менімен төбелескісі келетінін айтты, мен де солай, — деді Пимблетт ESPN порталына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Илия Топурия қазіргі таңда UFC жеңіл салмағының чемпионы болып табылады. Ол алдағы жекпе-жегінде белбеуін Чарльз Оливейраға қарсы қорғайды.