UFC-дегі бұрынғы жеңіл салмақ (61 келіге дейін) чемпионы Пётр Ян маусым айында өтетін UFC 316 турниріндегі Мераб Двалишвили мен Шон О’Мэлли арасындағы титулдық реванш туралы пікір білдірді.
«Басында бәрі 50 де 50 деп ойладым… Бірақ жоқ, Мерабтың жеңіске мүмкіндігі 70 пайыз деп есептеймін. Ол, бәлкім, қайтадан жеңіп шығады. Иә, Шон соққысы бар мықты боксер, техникасы да жақсы. Бірақ мен оның бұл жолы жеңетініне сенбеймін», деді Ян Submission Radio YouTube арнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, қос спортшы арасындағы алғашқы жекпе-жек 2024 жылдың қыркүйегінде UFC 306 турнирінде өтті. Ол кезде грузин Мераб Двалишвили төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетіп, О’Мэллидің чемпиондық белбеуін тартып алған еді.