Kingring.kz
БоксЖаңалықтар

Ресейде өткен бокс турнирінде Қазақстан боксшылары өзбекстандықтарды ойсырата жеңді

Хабаровскіде (Ресей) Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық бокс турнирінде әйелдер арасында жартылай финалдық кездесулер өтті, деп хабарлайды kingring.kz порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшыларының бірі, бірнеше дүркін ел чемпионы және 2019 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы Римма Волосенко өзбекстандық Рашида Тагированы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (5:0) жеңіп шықты.

Ал 66 келіге дейінгі салмақта қазақстандықтар арасында дерби өтті. Аружан Жанабаева Ульдана Таубаймен кездесіп, 4:1 есебімен Таубай жеңіске жетті. Ол енді финалда бақ сынайды, ал Аружан турнирді қола медальмен аяқтады.

Ұқсас жазбалар

Иэн Гарри Камару Усман мен Хоакин Бакли арасындағы алдағы жекпе-жекке болжам жасады

admin_kingring

Илия Топурия келесі қарсыласы болуға лайықты файтерді атады

admin_kingring

Дариуш Оливейраның Топурияға неге қауіпті екенін түсіндірді

admin_kingring