Бүгін, 17 сәуір күні, Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан Константин Коротковты еске алуға арналған беделді халықаралық бокс турнирінің кезекті жарыс күні өз мәресіне жетті, деп хабарлайды kingring.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстаннан жарысқа ерлер және әйелдер құрамасынан тоғыз спортшы қатысып жатыр.
Ұлттық құраманың үздік боксшылары Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен Сағындық Төгембайдың жеңістерін ерекше атап өткен жөн. Мұхаммедсабыр алғашқы раундта-ақ Беларусь елінің өкілі Даниил Титьконы нокаутқа түсірсе, Сағындық ринг иесі Егор Плоцынды 5:0 есебімен ойсырата жеңді.
Ал Бейбарыс Жексен Моңғолиядан келген Гонболд Даринбауфпен кездесуде төрешілердің шешімімен жеңіліп қалды.
Жалпы есеп бойынша тоғыз қазақстандықтың жетеуі қарсыластарын жеңіп, келесі кезеңге өтті.
17 сәуірдің нәтижелері:
- 50 кг: Гүлнар Тұрапбай – Стерлин Дели (Куба) – 5:0
- 54 кг: Әнел Сақыш – Чжон Хуан (КХДР) – 1:4
- 57 кг: Айдана Зәбінбекова – Анастасия Павлова (Ресей) – 5:0
- 60 кг: Римма Волосенко – Намул Монхор (Моңғолия) – 5:0
- 66 кг: Аружан Жанабаева – Наталья Соколова (Ресей) – 5:0
- 66 кг: Ұлдана Таубай – Анна Гударова (Ресей) – 5:0
- 60 кг: Бейбарыс Жексен – Гонболд Даринбауф (Моңғолия) – 2:3
- 67 кг: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – бірінші раундта Даниил Титьконы (Беларусь) жеңді
- 92 кг: Сағындық Төгембай – Егор Плоцын (Ресей) – 5:0