Kingring.kz
БоксЖаңалықтар

Садриддин Ахмедовтың жекпе-жегін қайдан көруге болады?

Фото: tvasports.ca

20 сәуір, жексенбі күні таңертең АҚШ-тың Калифорния штатындағы Коммерс қаласында бокс кеші өтеді. Бұл кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Садриддин Ахмедов (15-0, 13 КО) пен мексикалық Элиас Эспадас (23-6, 16 КО) кездеседі, деп хабарлайды kingring.kz порталы.

Ахмедов — Эспадас арасындағы басты жекпе-жекті UFC-тің ресми сайтынан көруге болады. Бокс кеші Қазақстан уақытымен сағат 06:00-де басталады.

Садриддин Ахмедов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсанында өткізіп, Рафаэль Игбоквені (17-6, 7 КО) жетінші раундта нокаутпен жеңген болатын. Ал оның болашақ қарсыласы Элиас Эспадас та желтоқсан айында жұдырықтасып, екінші раундта мексикалық Рамон Барахасты (14-41, 4 КО) нокаутқа жіберген.

Ұқсас жазбалар

Дрикус Дю Плесси жарақат алған жоқ

admin_kingring

UFC 317 турнирінің тағдыры белгісіз күйде қалды

admin_kingring

Петр Янның қарсыласы белгілі болды

admin_kingring