Жеңілмеген қазақстандық UFC жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов биылғы жылдың соңына дейін октагонға оралуға ниетті екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Vestnik MMA порталына берген сұхбатында айтты.
«Өзім де жекпе-жекке оралғым келеді, тек жарақатты толық емдеп, толық дайын болуым керек. Қай қарсыласқа қарсы болатыны жағдайға байланысты, бірақ бірден чемпиондық белбеу үшін айқасуға ниетім бар. Ең бастысы – кімге қарсы шықсам да дайын болуым керек. Желтоқсанда ораламын деген әңгіме рас, бірақ жарақат мазаламаса болғаны», – деді Шавкат.
Айта кетейік, Рахмонов соңғы жекпе-жегін UFC 310 турнирінде өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген болатын. Оның кәсіби рекорды – 19 жеңіс және бірде-бір жеңіліс жоқ.