Жарақатына байланысты біраз уақыт үзіліс алған Рахмонов (19-0) UFC-ге оралуға дайын. Оның UFC-ге қайта оралуы 2025 жылдың күзіне, шамамен қазан айына жоспарланып отыр. Бұл туралы оның бапкері Эдуард Базров мәлімдеді.
— Шавкат Алматыда жаттығып жатыр. Қазірдің өзінде белгілі бір жүктемелер алып жатыр. Оң өзгерістер бар. Толыққанды жаттығу жасап жүр. Октагонға қайта оралуын күзге, шамамен қазан айына жоспарлап отырмыз. Қазір уақытты босқа өткізуге болмайды. Уақыт өтіп жатыр, жаңа спортшылар шығып жатыр.
Белал мен Маддалена арасындағы чемпиондық жекпе-жекке келсек, менің ойымша, Белал жеңеді. Осыдан кейін біз жоспарлағанымызды жүзеге асырамыз деп үміттенемін. Шавкат чемпиондық жекпе-жек өткізгісі келеді, — деді Базров.
Базров соңғы сөзінде Шавкаттың әлі аш екендігін атап кетті.