Kingring.kz
MMAUFCЖаңалықтар

Шавкатты екінші орынға қойдым

Хоакин Бакли UFC-дегі үздік жартылай орта салмақтағы файтерлерді мықтыдан әлсізге қарай орналастырды.

UFC жартылай орта салмақ санатындағы рейтингтің жетінші нөміріндегі америкалық Хоакин Бакли 77 кг дейінгі салмақтағы үздік файтерлерді өз көзқарасы бойынша мықтыдан әлсізге қарай реттеді.

«Бірінші орынға Иан Гарриді қояр едім. Ол өте ақылды файтер. Оның стилі — үнемі қозғалыста болу. Оны қуып жету керек, бұл оны қауіпті етеді. Екінші орынға Шавқатты, ал үшіншіге Джек Делла Маддаленаны қоямын. Соңғы орында — Шон Брэди.

Неге Шон тізімді түйіндеп тұр? Братан, сені жұмсақ жұдырықты біреу нокаутқа түсірген. Бұл — көп нәрсені білдіреді. Маған: «егер Брэди қазір қасыңда тұрса, сен оны мазақ етпес едің» дейді. Бірақ мен өзіме адалмын. Ол — мықты балуан, бірақ стилі жағынан бұл төрттіктің ішіндегі мен үшін ең оңай қарсылас», — деді Бакли YouTube-тегі Shak MMA арнасына берген сұхбатында.

Ұқсас жазбалар

Иэн Гарри Камару Усман мен Хоакин Бакли арасындағы алдағы жекпе-жекке болжам жасады

admin_kingring

Қазақстандық боксшы қыздар Азия чемпионатында 12 алтын медаль жеңіп алды

admin_kingring

Макс Холлоуэй Кореялық Зомбиге қонаққа келді

admin_kingring