Kingring.kz
MMAUFCЖаңалықтар

Стивен Томпсонның келесі жекпе-жегі белгілі болды

42 жастағы америкалық аралас жекпе-жек спортшысы, UFC-нің бұрынғы чемпиондық титулы үшін таласқан Стивен Томпсон келесі жекпе-жегін 12 маусымда Нэшвилл қаласында өтетінін мәлімдеді.

Томпсонның қарсыласы — бразилиялық Габриэль Бонфим.

Томпсон соңғы рет UFC 307 турнирінде 2024 жылдың қазан айында өнер көрсетті, онда ол Хоакин Баклиге қарсы ұтылды. Бұл Томпсон үшін қатарынан екінші жеңіліс болып, соңғы бес жекпе-жегінің төртеуінде жеңіліс тапты. Карьерасы барысында ол аралас жекпе-жекте 26 рет шаршы алаңға шықты, оның 17-сінде жеңіске жетіп, төрт рет жеңіліс тапты. Бір жекпе-жек жарамсыз деп танылды.

Ал Бонфимнің аралас жекпе-жектегі есебінде 18 жекпе-жек бар, оның 17-сінде жеңіске жетіп, бір рет ғана ұтылды. Соңғы кездесуінде ол Калинн Уильямсты күреспен жеңді.

Ұқсас жазбалар

IBF Дюбуаға келесі қарсыласын тағайындады — ол Усик емес

admin_kingring

Астанада пара дзюдодан әлем чемпионаты басталады

admin_kingring

UFC аңызы Майкл Биспинг: «Илия Топурия үш салмақ дәрежесінде чемпион бола алады»

admin_kingring