Kingring.kz
UFCЖаңалықтар

Трамп UFC жекпе-жегін Ақ үйде өткізуді ұсынды

АҚШ Президенті Дональд Трамп 2026 жылы АҚШ-тың Тәуелсіздік декларациясының 250 жылдығына арналған іс-шаралар аясында UFC турнирін Ақ үй аумағында өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Айова штатындағы сөзінде айтты.

«Мен UFC жекпе-жегін де ұйымдастырғымыз келеді деп ойлаймын. Арамызда UFC-ді қарайтындар бар ма?» – деді Трамп жиналғандарға.
Ол сонымен қатар UFC президенті Дана Уайтпен келісім жайында айтып, чемпиондық жекпе-жек ұйымдастырылуы мүмкін екенін айтты. Президенттің айтуынша, Ақ үйдің аумағында 20–25 мың көрермен жиналуы ықтимал.

Алайда Трамп нақты кімнің қатысатынын және қай күні өтетінін нақтыламады.

Ұқсас жазбалар

Иен Гарри төрешілердің шешімімен Карлос Пратесті жеңді

admin_kingring

Есет Қуанов «Grand Slam» турнирінде қола жүлдеге ие болды

admin_kingring

Бекзат Алмахан қазан айында октагонға оралады

admin_kingring