Kingring.kz
MMAUFCЖаңалықтар

UFC 317 турнирінің тағдыры белгісіз күйде қалды

Танымал журналист Ариэль Хельвани жазда өтетін басты турнир – UFC 317 айналасындағы қиын жағдайды баяндады деп жазды sports24.kz сайты.

Бастапқы жоспар бойынша бұл турнирде екі басты жекпе-жек болу керек еді: Ислам Махачев – Илия Топурия және Дрикус Дю Плесси – Хамзат Чимаев. Алайда ұйымдастырушылар Дю Плессимен келісімге келе алмай, бұл нұсқадан бас тартты.

Мәселені қиындатқан тағы бір жайт – Джек Делла Маддалена мен Белал Мұхаммед арасындағы кездесу. Австралиялық спортшы жеңіске жетіп, титулды иеленді, енді Махачевпен жекпе-жек өткізу үшін салмақ ауыстыруы керек. Алайда бұл кездесуді UFC 317 турниріне қою мүмкін емес — уақыт тым аз.

Сонымен қатар, Алекс Перейра мен Магомед Анкалаев арасындағы реванш та өтпейтін болды. Хельвани мәліметінше, Перейраға ұсыныс жасалған, бірақ ол бас тартқан. Бұған жауап ретінде UFC титулды басқа спортшыға бермек болған, бұл жағдай Перейраны ашуландырған. Әлеуметтік желідегі жазбаларды хакерлер емес, өзі жариялаған.

Осылайша, UFC 317 турнирінің басты жекпе-жегі әлі белгісіз. Промоушеннің ресми мәлімдемесін күтеміз.

Ұқсас жазбалар

UFC чемпионы «Реалдың» Чемпиондар лигасындағы жеңілісіне қатысты пікір білдірді

admin_kingring

Ислам Махачев жеңіл салмақтағы белбеуін босатып, жартылай орта салмаққа өтті

admin_kingring

Астанада пара дзюдодан әлем чемпионаты басталады

admin_kingring