Kingring.kz
MMAUFCЖаңалықтар

UFC аңызы Джон Джонс мансабын аяқтады

Том Аспиналл UFC-дің жаңа абсолютті ауыр салмақтағы чемпионы

UFC тарихындағы ең маңызды турнирлердің бірі — Бакуде өткен кеш енді ғана аяқталғанына қарамастан, басты жаңалық октагонда емес, баспасөз мәслихатында айтылды. UFC президенті Дана Уайт америкалық аңыз спортшы Джон Джонстың кәсіби мансабын ресми түрде аяқтағанын мәлімдеді.

Уайттың айтуынша, Джонс оған кеше қоңырау шалып, спорттан кету туралы шешімін жеткізген. Бұл жаңалық жанкүйерлер үшін тосын болмағаны рас соңғы кездері Джонстың мансабын аяқтайтыны туралы жиі айтылып жүрді. Сол болжамдардың расқа айналғанын ағылшын файтері Том Аспиналл дәлелдеді. Ол енді UFC ұйымының ауыр салмақтағы абсолютті чемпионы атанды.

Джон Джонстың октагоннан кетуі күтулі жағдай еді. Бірі оны шешімге шақырса, енді бірі бұл сәттің жақындағанын болжап жүрген. Ал Джонстың өзі бұл тақырыпта жиі ой бөлісетін. Соңғы сұхбаттарының бірінде ол жекпе-жектерге деген құштарлығының азайғанын ашық айтқан болатын.

— Қазір маған жекпе-жектер қызық емес. Бірақ егер сол сезім қайта оралса, мен октагонға қайта шығуға дайын боламын, — деген еді «Боунс» лақап атымен танылған файтер.

Осылайша, аралас жекпе-жек тарихындағы ең дарынды спортшылардың бірі спортпен қош айтысып, өз орнын жаңа буынға — Том Аспиналлға беріп отыр.

Ұқсас жазбалар

Дамир Исмағұлов: Мен ашпын және зейіндімін

admin_kingring

Нигериялық қорқыныш қайта оралды!

admin_kingring

Джек Делла Маддалена чемпион атанды

admin_kingring