Kingring.kz
MMAUFCЖаңалықтар

«Зейнетке шығатын уақыт келді досым»: Маддалена UFC 315 турнирі алдында мәлімдеме жасады алды

UFC-дің жартылай орта салмағындағы (77 келіге дейін) рейтингте бесінші орында тұрған австралиялық Джек Делла Маддалена алдағы жекпе-жегі туралы пікір білдірді. Ол чемпиондық белбеуді ұстап тұрған америкалық Белал Мұхаммедпен UFC 315 турнирінде кездеседі.

«Ол үшін бұл ауыр жекпе-жек болады деп ойлаймын. Мен оны соққылармен сындырамын, физикалық тұрғыдан да сындырамын. UFC-де оның жақсы жолы болды, бірақ енді зейнетке шығатын уақыт келді, досым», – дейді Маддаленаның сөзін UFC баспасөз қызметі.

28 жастағы Маддалена кәсіби мансабын 2016 жылы бастаған. 2022 жылдан бері UFC-де өнер көрсетіп келеді. Ұйымдағы статистикасы өте жақсы жеті жеңіс, бірде-бір жеңіліс жоқ.

Мұхаммед пен Маддаленаның жекпе-жегі Канададағы Квебек қаласында өтетін UFC 315 турнирінің басты оқиғасы болады.

Ұқсас жазбалар

«The Ultimate Fighter» шоуына қатысқан Әліби Ыдырыс бөлімдерін қазақ тілінде көруге болады

admin_kingring

Еліміздің 22 жасқа дейінгі ерлер құрамасы Азия чемпионатында 10 алтын алды

admin_kingring

Енді қазақ жанкүйерлеріне Белал Мұхаммедтің жеңісін тілеу керек болып тұр

admin_kingring