Kingring.kz
БоксЖаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы мен әлем чемпионы арасындағы үш белбеу үшін өтетін жекпе-жектің күні белгілі болды

Broadway Joel өзінің X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) мен WBC нұсқасы бойынша чемпион доминикандық Карлос Адамес (24-1-1, 18 KO) арасындағы жекпе-жек шілде айында өтуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды kingring.kz порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін инсайдерлер бұл жекпе-жекке байланысты қос тарап келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын. Broadway Joel нақтылағандай, Әлімханұлы мен Адамес арасындағы кездесу шілде айында өтеді деп жоспарлануда.

Айта кетейік, екі боксшы да соңғы рет жақында ғана рингке шыққан. Адамес 22 ақпанда британиялық Хамза Ширазбен (21-0-1, 17 KO) тең түскен, ал «Qazaq style» лақап атымен танылған Жәнібек Әлімханұлы бесінші раундта француз cпортшысы Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) нокаутқа түсірген болатын.

Ұқсас жазбалар

Канело Альварес пен Теренс Кроуфорд жекпе-жегі ресми түрде жарияланды

admin_kingring

Ресейде өткен бокс турнирінде Қазақстан боксшылары өзбекстандықтарды ойсырата жеңді

admin_kingring

Қызылордада грек-рим күресінен халықаралық турнир басталды

admin_kingring