Kingring.kz
БоксЖаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлының жаңа қарсыласы белгілі болды

Фото: instagram.com/janibek_qazaqstyle

Boxing247.com сайтының тілшісі Тим Комптонның пікірінше, жартылай орта салмақта IBF/WBA тұжырымдары бойынша әлем чемпионы саналатын америкалық боксшы Джарон Эннис (34-0, 30 KO) Эймантас Станёнис (15-1, 9 KO) секілді қарсыластардан гөрі әлдеқайда мықты қарсыластармен жұдырықтасуы керек, деп жазады kingring.kz порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

12 сәуір күні Нью-Джерси штатының Атлантик-Сити қаласында өткен жекпе-жекте Эннис литвалық Станёнисті алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіп, оның мансабындағы алғашқы жеңілісті тіркеді. Комптонның пікірінше, бұл кездесуден кейін америкалық боксшы өзінің қарсыластарының деңгейін көтеріп, басқа салмақ дәрежелерінде де бақ сынауы тиіс. Осы орайда оған WBO/IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 KO) жекпе-жек өткізу ұсынылды.

«27 жастағы Джарон осы кездесуге дейін Эдди Хирннің жетекшілігімен өткізген екі жекпе-жегінде де ешқандай әсер қалдырмады. Көпшіліктің пікірінше, ол – бокс әлемінде асыра бағаланған спортшылардың бірі ғана. Станёнисті жеңгеннен кейін де Эннистің расында қандай деңгейдегі боксшы екенін кесіп айту қиын.

Жұлдызға айналу үшін Эннис Станёнистен әлдеқайда мықты қарсыластарды жеңуі тиіс. Станёнис тіпті топ-15-тегі боксшылардың жартысынан жеңіліп қалатындай деңгейде көрінеді.

Жанкүйерлердің Джаронды қолдан жасалған жұлдыз есептемеуі үшін мықты боксшыларды жеңуі керек. Мысалы, Карлос Адамес, Давид Моррель, Сергей Богачук, Жәнібек Әлімханұлы, Давид Бенавидес, Ослейс Иглесиас, Сауль «Канело» Альварес, Исраил Мадримов, Себастьян Фундора, Теренс Кроуфорд», — делінген мақалада.

Ұқсас жазбалар

Гурам Кутателадзе UFC ұйымынан кетті

admin_kingring

Пётр Ян: «Реваншта Двалишвили жеңіске жетуі ықтимал 70%-дық артықшылық оның жағында»

admin_kingring

Камару Усман оралды

admin_kingring